«Бүгін жексенбіде» Нұрлан мен Мұрат қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін жексенбіде» Нұрлан мен Мұрат қонақта

25.02.2017
«Бүгін жексенбіде» Нұрлан мен Мұрат қонақта

Соңғы уақытта түсірілген бірнеше комедиялық фильмдерде негізгі рөлді сомдап жүрген  актер Әбунасыр Серіков ұлы Әбілмансұр Әбунасырұлымен бірге ертең «Бүгін жексенбіде» қонақта.  

Сондай-ақ, Нұрлан мен Мұрат дуэті де таңғы бағдарламада қонақта болып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөліспек.

Сноукайтинг – серфинг пен парапланның қосындысы іспеттес экстримді спорт түрі. Оның өзге спорттан ерекшелігі қандай? Ертең Серікгүл Сұлтанқажының сюжетінен көріңіз.

Қыстың соңғы аптасын қалай қызықты өткізуге болады? Биылғы қыстың есте қаларлық сәттері мен халықтың ой-пікірі туралы білгіңіз келсе,  Ақниет Балтановамен бірге қала тұрғындарынан сауалнама жинаңыз.

2017 жылы шығарылатын отандық және әлемдік технологиялар туралы не білесіз? Тропикалық арал ретінде жасалған ерекше яхта жайында естігеніңіз бар ма? Филлиппинде тұратын дизайнер Имран Тэйлор «Apple» компаниясының өнімі iPhone 8 смартфонының тағы бір сызбасын жасап шығарды. Осы және өзге қызықтар туралы білгіңіз келсе, Аманбек Мағзұмхан жүргізетін «Хайтек» айдарын көріңіз.

Сондай-ақ, ертеңгі бағдарламада Нұрболат Абдуллиннің «Түнгі лирика» (Әні - Қ.Құрманбаев, сөзі - О.Қиынбаев) және Кенжебек Жанәбіловтің «Қылығың балдай» (Әні - С.Сыздықов, сөзі - Н. Ерғалиев) әндерінің тұсауы кесілмек.

Жаңа бейнебаянды «Бүгін жексенбіден» бірінші болып тамашалаңыз!

Хабарламаларға жазылу