10 ақпан, жұма, 2017 жыл
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
83 жыл бұрын (1934) шахтерлер орталығы - Қарағанды қала мәртебесін ресми түрде алды.
ЕСІМДЕР
98 жыл бұрын (1919-2001) жазушы АБДУЛЛИН Хамза дүниеге келді.
88 жыл бұрын (1929-1996) жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері МАМАЖАНОВ Мұқан дүниеге келді.
79 жыл бұрын (1938-2004) әдебиет сыншысы, филология ғылымының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы СЕРІКҚАЛИҰЛЫ Зейнолла дүниеге келді.
78 жыл бұрын (1939-1984) график-суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Жастар одағы сыйлығының иегері, семсерлесуден КСРО спорт шебері ҚИСАМЕДИНОВ Мақым Мұстақұлы дүниеге келді.
78 жыл бұрын (1939-2006) композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі МОЛДАҒАЙЫНОВ Әшір дүниеге келді.
71 жыл бұрын (1946) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ДҮЙСЕКЕЕВ Кеңес Дүйсекеұлы дүниеге келді.
67 жыл бұрын (1950) профессор, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің Ғылым Академиясының, Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры ӘБЖАППАРОВ Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы дүниеге келді.
63 жыл бұрын (1954-2013) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының лауреаты, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері ЖАҚЫПБЕКОВ Есенқұл дүниеге келді.
47 жыл бұрын (1970) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қоюшы-режиссері суретші, сценарист ӘБДІРАШЕВ Рүстем Жарасқанұлы дүниеге келді.
127 жыл бұрын (1890-1960) орыс ақыны және жазушысы, әдебиет бойынша 1958 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты ПАСТЕРНАК Борис Леонидович дүниеге келді.