Бүгін - Риэлтор күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Риэлтор күні

07.02.2017
Бүгін - Риэлтор күні

Риэлтор күні

Жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби мерекесі. Дәл осы мерекені осы күні атап өтуді 2008 жылы «Ресей риэлторларының ұлттық кеңесі» ұсынған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

93 жыл бұрын (1924) «Еңбекшіл қазақ» газетінің төртінші бетінде аптасына бір рет шығатын жастар беті ашылды. «Лениншіл жас» деп аталатын осы беттің редакторы Е.Алдоңғаров болды. 1925 жылдан бастап «Жас қайрат» атты дербес газет болып шықты.

ЕСІМДЕР

102 жыл бұрын (1915-2005) қазақстандық ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, мал өсіруші, жылқылардың көшім тұқымын шығарған авторлардың бірі БАРМИНЦЕВ Юрий Николаевич дүниеге келді.

91 жыл бұрын (1926-2003) жазушы, сыншы, аудармашы, филология ғылымының кандидаты РҮСТЕМБЕКОВА Рәзия дүниеге келді.

183 жыл бұрын (1834-1907) орыс химигі, Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі МЕНДЕЛЕЕВ Дмитрий Иванович дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу