Бүгін - Энергетиктер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Энергетиктер күні

22.12.2016
Бүгін - Энергетиктер күні

22 желтоқсан, бейсенбі, 2016 жыл

Дунчжицзе қыс күндерінің тоқырау мейрамы

Жыл сайын қыстағы күннің тоқырау күні желтоқсанның 21-і мен 22-і аралығына келеді. Қыстағы күннің тоқырау күні жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түні болып есептеледі. Ежелгі Қытайда осы уақыттан бастап, табиғаттың «еркектік күші» артып, жаңа кезең басталады деп есептелген. Сондықтан қыстағы күннің тоқырауы ең бақытты күн және тойлауға лайықты мейрам деп саналады.

Энергетиктер күні

Ресейде, Украинада, Арменияда, Беларусьте және Қырғызстанда аталып өтіледі. Кәсіби мереке 1966 жылғы мамырда КСРО  кезінде пайда болды. Ол кезде энергетиктер күні 1920 жылғы Ресейді электрлендірудің мемлекеттік жоспары қабылданған күнге орайластырылған болатын.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

24 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заң қабылданды.

17 жыл бұрын (1999) Алматыда белгілі ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетов өмір сүрген үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

16 жыл бұрын (2000) «Айгөлек» балалар журналының алғашқы саны жарық көрді.

11 жыл бұрын (2005) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс» ғарыш аппаратымен «Союз» зымырантасымалдағышы ұшырылды.

11 жыл бұрын (2005) Новосібірде қазақ қарпімен басылған «Ұлы Абайға адалдық» кітабының ілкі данасы Семейге жеткізілді.

 

ЕСІМДЕР

213 жыл бұрын (1803-1872) танымал күйші ДӨНЕНБАЙҰЛЫ Бисенбі дүниеге келді.

157 жыл бұрын (1859-1919) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері ҚҰЛМАНОВ Бақтыгерей дүниеге келді.

111 жыл бұрын (1905-1985) географ, геоморфолог, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының академигі, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Болгар ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Польша, Сербия, Ұлыбритания, Австрия, Италия, Колумбия, Шотландия мемлекеттері географиялық қоғамдарының құрметті мүшесі ГЕРАСИМОВ Иннокентий Петрович дүниеге келді.

108 жыл бұрын (1908-1987) мемлекет қайраткері,  соғыс ардагері БЕЙСЕБАЕВ Мәсімхан дүниеге келді.

101 жыл бұрын (1915-1970) кен ісі саласындағы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор ШӘРІПОВ Уақит Шәріпұлы дүниеге келді.

101 жыл бұрын (1915-1999) геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЛИ Виталий Гаврилович дүниеге келді.

156 жыл бұрын (1858-1924) итальяндық композитор Джакомо ПУЧЧИНИ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу