4-6 ақпанға ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4-6 ақпанға ауа райы болжамы

03.02.2017
4-6 ақпанға ауа райы болжамы

Қазақстанға келген терең және белсенді циклон, сенбі күні 4 ақпанда оның аймағынан кетеді. Алайда, онымен байланысты атмосфералық фронттар демалыс күндері ауа райына  әсерін сақтайды. Сондықтан да, республиканың бірқатар облыстарында қатты қар жауады, 200-500 м-ге дейін ештеңе көрінбейтін боран, 17-25 м/с қатты жел тұрады.

Елдің оңтүстік облыстары демалыс күндері оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Бұл аймақтарда қалың қар жауады, тұман, көктайғақ және әр жерде 18-25 м/с қатты жел тұрады.

Күрделі ауа райы Алматы облысының Қысқы Универсиада өтіп жатқан таулы және тау маңындағы аудандарда күтілуде. Сенбі күні осы ауданда қар жауып, тұман түседі, екпінді жел болады деп күтілуде.

Циклон тылында суық антициклон басталады, онымен бірге республика аймағында жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының климаттық нормадан 3-5ºС-ға төмендеуі күтіледі. Алайда, бұл салқындау аз уақыт қана болады, өйткені, келесі циклон 6 ақпан күні Қазақстанның батысына бет алады, онымен бірге температура қайта көтеріледі. 

kazhydromet.kz

Хабарламаларға жазылу