Бүгін «Жарық» телехикаясы көрермендерге жол тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Жарық» телехикаясы көрермендерге жол тартпақ

31.08.2015
Бүгін  «Жарық» телехикаясы көрермендерге жол тартпақ

Бүгін «Жарық»  атты отбасылық телехикая эфирге шығады. Туынды оқиғалары «жоғары кернеу аймағында» - бірегей «Мойнақ» ГЭС-і айналасында өрбиді.

24 бөлімнен тұратын туынды режиссері  - Бақтияр Сейтқазиев. Түсірілім жұмыстары Шарын өзені және Шарын шатқалдары маңында жүргізілген.

Телехикаяны «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Астанателефильм» киностудиясы түсірген.

Бүгіннен бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында Ұлттық арнадан сағат 21:50-де «Жарық» телехикаясын тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу