25 наурыздан бастап «Бітімгерлер» атты телехикая көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 наурыздан бастап «Бітімгерлер» атты телехикая көрерменге жол тартады

16.03.2017

25 наурыздан бастап сенбі-жексенбі күндері «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Бітімгерлер» атты жаңа корей телехикаясы көрерменге жол тартады.

Телехикая арнайы жасақ бөлімшесінің капитаны Ю Сиджин мен дәрігер Кан Моенның арасындағы сыйластық пен мөлдір махаббатты баяндайды. Біріне қызметіне байланысты адам өлтіруге тура келсе, екіншісі кез келген адамды құтқару керек деп санайды. Көзқарастары мен қызметтері екі бөлек жандардың сезімі қалай өрбімек?

25 наурызда сағат 14:55-те Ұлттық арнадан «Бітімгерлер» телехикаясының алғашқы бөлімін көріңіз!

Хабарламаларға жазылу