ҚР Сыртқы істер министрлігі Астанада Сирия келіссөздеріне қатысатын тараптардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сонымен, қатысатындығын нақтылаған тараптардың тізімінде:
1. Сирия Араб Республикасы үкіметінің өкілдері;
2. Сирия оппозициясы өкілдері;
3. Ресей Федерациясы өкілдері;
4. Түркия Республикасының өкілдері;
5. Иран Ислам Республикасының өкілдері;
6. АҚШ-ның өкілдері;
7. БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы елшісі бар»,-деп хабарланған мекеменің сайтындағы БАҚ-қа арналған мәліметте.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сирия бойынша келіссөздер жабық режімде өтеді. «Қазақстан елордасы барлық аумақтар үшін бейтарап жер ретінде келіссөздер алаңы болып таңдалды. Келіссөздер «жабық есік» тәртібінде өтетінін ескере кеткен жөн»,-делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі келіссөздер қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы «Rixos President Astana» қонақ үйінде өтетінін нақтылап отыр. Халықаралық келіссөздер 23 қаңтарда Астана уақыт бойынша сағат 13:00-де басталады.
inform.kz