207 жыл бұрын (1810-1892) қазақтың халық күйшісі, сазгер Абыл Тарақұлы дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

207 жыл бұрын (1810-1892) қазақтың халық күйшісі, сазгер Абыл Тарақұлы дүниеге келді

11.01.2017
207 жыл бұрын (1810-1892) қазақтың халық күйшісі, сазгер  Абыл Тарақұлы дүниеге келді

11 қаңтар, сәрсенбі, 2017 жыл

Бүкіләлемдік «Рахмет» күні

Қаңтардың 11-і жылдың ең «әдепті» күні болып саналады - бұл күні Бүкіләлемдік «рахмет» күні тойланады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл әлем болып тойлайды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

100 жыл бұрын (1917) 1916 жылы қазақ даласында басталған ұлт-азаттық қозғалыстың соңғы шайқастарының бірі  - Күйік-Шошқалы ұрыстары өтті.

11 жыл бұрын (2006) Астанада тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызы зор оқиға - Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі болып өтті.

ЕСІМДЕР

207 жыл бұрын (1810-1892) қазақтың халық күйшісі, сазгер ТАРАҚҰЛЫ Абыл дүниеге келді.

109 жыл бұрын (1908-1990) химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Өзбек КСР-нің еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері ТӘЛІПОВ Шүкір Тәліпұлы дүниеге келді.

70 жыл  бұрын (1947-2014) Қазақстанның Еңбек сіңірген  өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ театртанушысы Әшірбек СЫҒАЙ  дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1948) Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі журналист-аудармашы АБЫЛАЕВ Сайлау дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1948) жазушы ЖҰБАТЫРҰЛЫ Сайлаубай дүниеге келді.

58 жыл бұрын (1959) физика-математика ғылымдарының докторы ҚАЛИЕВ Ибрагим Әдиетұлы дүниеге келді.

54 жыл бұрын (1963) әнші, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жігер» фестивалінің, Қазақстан Комсомолы сыйлығының, Халықаралық «Азия дауысы» байқауының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері ЖҮНІСОВА Мақпал Мұхамедиярқызы дүниеге келді.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу