28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

27.12.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты ертең, яғни 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Қаза болған жолаушылардың отбасына көңіл айтқан Мемлекет басшысы зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, апаттың себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын да жеткізді.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар әуе кемесінің апатқа ұшырағаны мәлім болды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу