Танымал қазақстандық аграрий Геннадий Зенченко қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал қазақстандық аграрий Геннадий Зенченко қайтыс болды

18.12.2016
Танымал қазақстандық аграрий Геннадий Зенченко қайтыс болды

Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Зенченко және К» сенімгерлік серіктестігінің директоры Геннадий Иванович Зенченко 80 жасқа қараған шағында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Геннадий Зенченко 1937 жылы 4 мамырда егіншілер жанұясында дүниеге келген. Еңбек жолын жұмысшы-механизатор болып бастаған. Әскерден кейін балғашы, темір ұстасы, жүргізуші болып жұмыс істеген. Арнайы білім алған соң, механик, совхоздың бас инженері, «Сельхозтехники» аудандық басқармасының басшысы, аудандық атқару комитетінің төраға орынбасары болған.

1976 жылы «Новоникольский» совхозының директоры болып тағайындалды. Артта қалған шаруашылықты бірнеше жылда алдыңғы қатарға шығарған. 90-жылдары совхозды ЖШС айналдырды, содан кейін «Зенченко және К» сенімгерлік серіктестігін ашты. Қазір фермерлік шаруашылық Қазақстанға танымал заманауи ауылшаруашылық кластеріне айналды.

Еңбек Ері Геннадий Иванович Зенченкоға «Отан» ордені және «Алтын барыс» төсбелгісі берілген. Екі КСРО орденімен және КСРО, ҚР медальдарымен марапатталған. Бірнеше күн бұрын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Генадий Зенченконың екі хатын оқып берді.

Оның бірі 25 жыл бұрын жазылса, екіншісі жыл басында жазылған. Азаматтың жаназасы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылының мәдениет үйінде өтеді.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу