Мэрил Стрип «Бостандық медалін» иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мэрил Стрип «Бостандық медалін» иеленді

12.11.2014
Мэрил Стрип «Бостандық медалін» иеленді

Голливуд актрисасы Мэрил Стрип АҚШ президентінің «Бостандық медалін» иеленді.  Марапатты салтанатты табыстау рәсімі 24 қарашада Ақүйде өтеді, деп хабарлайды lenta.ru.

Айта кетейік, «Бостандық медалі» - АҚШ-тағы ең жоғары марапат. Ол Құрама штаттардың 33-ші президенті Гарри Трумэннің тапсырмасымен 1945 жылдан бастап табысталып келеді.

Ал, Мэрил Стрип бұған дейін үш рет «Оскар» жүлдесін иеленген. Сондай-ақ, «Алтын глобус», «BAFTA», «Күміс аю» жүлделерімен де марапатталған.

Толық аты-жөні: Мэри Луиз Стрип

Туған жылы: 1949 жыл, 22 маусым

Туған жері: АҚШ, Нью-Джерси

Хабарламаларға жазылу