«Таңшолпан» бағдарламасынан 10-қазанда көретіндеріңіз... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасынан 10-қазанда көретіндеріңіз...

09.10.2016
«Таңшолпан» бағдарламасынан 10-қазанда көретіндеріңіз...

Саида Халықова «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқыған. Зағип жан болғанымен, оның өмір сүруге деген құлшынысы жоғары. Бала кезінен музыкаға әуестенген. Бүгінде пианинода ойнауды жетік меңгерген. Саида Халықова ертең «Таңшолпанда» қонақта.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбаймен сұхбатты ертең таңғы бағдарламадан тамашалай аласыздар.

орлюб

Күз айларында бет терісін қалай күту керек? Бұл сауалға «Таңшолпан» бағдарламасының ертеңгі қонағы  косметолог Бақытгүл Бектұрсынқызы жауап береді.

щз№щ

Сондай-ақ, «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы Сырым Мұхамеджан да ертеңгі бағдарламада қонақта болып, Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін орындайды.

Қоғамдық көліктегі бақылаушылар жұмысы туралы не білесіз? Қызылорда облысындағы түйе шаруашылығы жайында естігеніңіз бар ма? Ауыз әдебиеті арқылы қазақ тілін үйрету әдісі туралы не айтар едіңіз?

х\

Осы және өзге де қызықты сюжеттерді ертең сағат 07:00-10:00 аралығында «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу