«Біз қартымызды қазынамызға балап, үлкендерді, аналарымызды сыйлап өткен халықпыз. Ананың ақ сүтінен қадірлі нәрсе жоқ.
Бұрын қарттар үйінде қазақтың қариялары болмайтын. Анаға, әкеге жасаған жақсылық та, жамандық та өз алдыларыңнан шығады. Сондықтан, әр уақытта ойланыңдар. Оларға жалақыңның жартысын берудің қажеті жоқ. Жанында отырып, мойнына асылып «әке, ана» десең, соның өзі жеткілікті. Жастарға бір айтарым осы еді...»