100 жыл бұрын «Алаш» газеті жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100 жыл бұрын «Алаш» газеті жарық көрді

25.11.2016
100 жыл бұрын «Алаш» газеті жарық көрді

Ақпараттың дүниежүзілік күні

Қызметі ақпараттық технологиялар мен компьютерге негізделген кәсіп иелерінің мерекесі. 1988 жылы негізі қаланған Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) бастамасымен атап өтіледі.

Семіздікке қарсы күн

Үндістанда және Араб мемлекеттері елдерінің денсаулық сақтау ұйымдары   белгіледі және халықты семіздікті ұлт саулығына төнген қауіптердің бірі ретінде хабардар етуге арналды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

100 жыл бұрын (1916) «Алаш» газеті жарық көрді.  «Алаш» 1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың ортасына дейін Ташкентте шығып тұрған апталық газет. Редакторы - Көлбай Төгісұлы, шығарушысы - Мәриям Төгісова Қапсаламова. 1917 жылғы 22-санынан бастап редакторы - Т.Жанбайұлы.

25 жыл бұрын (1991) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

23 жыл бұрын (1993) Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында Төле биге ескерткіш ашылды.

22 жыл бұрын (1994) Қазақстан баспасөз клубы құрылған. Бұл - Қазақстандағы БАҚ-тар, мемлекеттік және бизнес жүйелер, халықаралық ұйымдар үшін коммуникативтік және ақпараттық қызметтердің кешенді түрлерін көрсететін ұйым. Жұмыс істей бастаған кезеңнен бері 3000-нан астам баспасөз мәслихаттарын және басқа да ауқымды шаралар өткізген. Жоғары деңгейдегі кәсіби қызметтері үшін көптеген наградалармен және грамоталармен марапатталған.

19 жыл бұрын (1997) Алматыдағы көшелердің біріне ғалым Мүсілім Базарбаевтың есімі берілді.


ЕСІМДЕР

137 жыл бұрын (1879-1940) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым Академиясының академигі АРХАНГЕЛЬСКИЙ Андрей Дмитриевич дүниеге келген.

77 жыл бұрын (1939) американдық әнші, әндер авторы, «Рок-н-ролл патшайымы» Тина ТЕРНЕР (шын аты-жөні - Анна Мэй Баллок) дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу