Алматының мың жылдығына арналған қорытынды шара Парижде өтеді - ЮНЕСКО - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының мың жылдығына арналған қорытынды шара Парижде өтеді - ЮНЕСКО

14.05.2016
Алматының мың жылдығына арналған қорытынды шара Парижде өтеді - ЮНЕСКО

ЮНЕСКО Алматы қаласының мыңжылдығына арналған қорытынды шараны Парижде өткізбек. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюро директорының міндетін атқарушы Андрей Шевелев мəлім етті.

«Алматы қаласының мың жылдығы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен  даталардың тізіміне енгенін білесіздер. Алматы қаласының мыңжылдығын тойлауға ЮНЕСКО барын салады.

Қазір Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірге, нақты жоспар құрып қойдық. Баса айтқым келгені, Франциядағы Қазақстан елшілігінің көмегімен бірге Алматы қаласының мыңжылдығына арналған қорытынды шараны Парижде өткізіп, қаланың үлкен таныстырылымын жасамақпыз», - деді А.Шевелев.

Айта кетейік, ЮНЕСКО-ның 2016-2017 жылдардағы еске алу даталарына қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдығы, Қожа Ахмет Яссауидің 850 жылдығы енген.

 

Хабарламаларға жазылу