«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен Корпорация журналистері арасында жарияланған «Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда.
Байқаудың мақсаты - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру, журналистердің кәсіби шеберлігін көтеру, сондай-ақ, қызметкерлерді моральді және материалды жағынан қолдау.
Қатысуға өтініш беру үшін www.kaztrk.kz сайтында көрсетілген анкетаны толтыру қажет.
Байқауға 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан 2016 жылдың 20-шы қарашасы аралығында эфирден берілген материалдар қабылданады. Сонымен қатар, ұсынылған материалдардың CD үлгісіндегі көшірмелері қажет.
Конкурс шарттарымен мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар.