«Қазақстан» РТРК» АҚ Алматыда «Жыл таңдауы-2016 шарасын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Алматыда «Жыл таңдауы-2016 шарасын өткізеді

04.11.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ Алматыда «Жыл таңдауы-2016 шарасын өткізеді

16 қарашада Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы-2016» жобасы  өтеді.

Бұл - шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеші.

Сонымен қатар, Мешін жылының қорытындысы - үздік əн таңдалады. 50 адамнан тұратын қазылар алқасы ұсынылған нұсқалардан өз таңдауын жасайды. Дауыс беру онлайн форматқа ыңғайластырылған.

жыл таңдауы

Кештің шетелден келетін сыйлы қонағы - «Istersern» əнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі Бурай.

Шараның басталуы: 18:00-де. Жыл үздіктерін бірге анықтайық!

Хабарламаларға жазылу