Дүниежүзілік энергетика тақырыбына арналған эссе байқауына жұмыстар қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік энергетика тақырыбына арналған эссе байқауына жұмыстар қабылдау басталды

27.09.2015
Дүниежүзілік энергетика тақырыбына арналған эссе байқауына жұмыстар қабылдау басталды

«Global Energy Essay» конкурсына студенттермен қоса, энергетика мен оның орнықты дамуы тақырыбына қызығушылық білдіруші түлектер де қатыса алады.   

Биылғы жылғы байқаудың тақырыбы - «Парижге жол 2015: концепция, шынайылық және климат мәселелері туралы маңызды келісім».

Жұмыстар пайдаланылған кітаптар тізімі мен сілтемелерді қоспағанда, 1000-нан 1200 сөзге дейінгі көлемде ағылшын тілінде қабылданады.

Қорытынды бойынша қатысушы елдер арасынан екі финалист таңдалып алынады. Жүлде көлемі - 2000 мың және 1000 АҚШ доллары. Сондай-ақ, жеңімпаздарға осы жылдың  желтоқсан айында Парижде өтетін дүниежүзілік конференцияға жолдама беріледі.

Материалдарды қабылдау 12 қазанға дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу