20 қазанда портал бетіне жарияланған негізгі жаңалықтарға шолу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 қазанда портал бетіне жарияланған негізгі жаңалықтарға шолу

21.10.2016
20 қазанда портал бетіне жарияланған негізгі жаңалықтарға шолу

20 қазанда портал бетіне жарияланған негізгі жаңалықтарға шолу

Қазақстан Президенті Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның алдағы кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сұрақтарға да жауап беріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты.

Брюссельде бас қосқан еуропалық экологтар «Арал теңізін жаңғыртуға әлем елдері атсалысуы керек», деген үндеу жариялады. Аралдың тағдырына алаңдаған еуропалық сарапшылардың айтуынша, бүгінде әлемдік қауымдастықтың алдында екі міндет тұр. Ол – теңіздің одан әрі құрғауын тоқтату және өңірдегі экологиялық проблемаларды шешуге барлық күш-жігерді жұмылдыру.

Сырға толы Солтүстік! Абылай ханның Қытай императорына сыйлаған жылқысы мен сатуға жіберген аздаған малы туралы хаты, II Екатерина патшайымның Абылай сұлтанды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы патенті сынды құпия құжаттар бүгін Астана қалалық архивінде көрсетілді.

Осы және өзге де қызықты жаңалықтар топтамасын порталымыздан оқи аласыздар!

Хабарламаларға жазылу