Бүгін – Хамит Ерғалиевтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Хамит Ерғалиевтің туған күні

14.10.2014
Бүгін – Хамит Ерғалиевтің туған күні

Ел басына күн туған шақта, Отан үшін соғысып, қаламын қаруға айырбастаған өр ақын Хамит Ерғалиевтің қазақ поэзиясында алар орны бөлек. Ол 20-дан астам кітаптың авторы. Алғашқы өлеңдері 1936 жылдан бастап жарияланған еді.

Хамит Ерғалиев шығармашылығының тақырыбы әр-алуан. Ол – қазақ халқының өткен өмірін барынша шынайылықпен көрсетуге тырысты. Ол – публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды. Қалың көпшілік біле бермейтін қаламгердің әншілігі де бір төбе болатын.

Ақын айналасындағы болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарай алмады. Сондықтан, оның өмір жолы тақтайдай тегіс болмады. «Ол кісінің жолы өте қиын болды. Бұл – адамның ірілігіне байланысты ғой. Мұндай адамның жауы болмауы мүмкін емес. Бірі сыйлайды, бірі еркелетеді, бірі табынады, енді біреулері өштеседі.  Әкем қайда жүрсе де, жүрген жері тыныш болмайтын. Жай ғана талас емес оның өзі. Асқан патриот еді»,-дейді ақынның ұлы Мұрат Ерғалиев.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу