
13 қазанда Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында режиссер Болат Ұзақовтың «Тіл табысқандар» атты комедиясы сахналанды.
Оқиға Астана қаласында тұратын зиялы отбасының тағдырынан сыр шертеді. Ана тіліне шорқақ Дездомана мен орыс тілін жетік меңгермеген Болдухан арасындағы келіспеушіліктер оқиғаны өрбітеді.
«Тіл табысқандар» қойылымы тек тіл мәселесін ғана емес, қазақ жұртының алтын бесігі – ауыл өмірінен алшақтап бара жатқанын да байқатады.
Қойылымда басты кейіпкерлерді Мейрам Қайсанов, Ботагөз Мақсұтова, Жанат Чайкина, Ақмарал Танабаева, Олжас Жақыпбек сомдайды.
