«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

06.12.2016
«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін Астана қаласында «Балапан» телеарнасының ұйымдастыруымен «Балапан» жүлдесі байқауына келіп түскен жұмыстарды іріктеу өтті. Бәйгеге республикалық, халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінген 5-12 жас аралығындағы балалар қатысты.

Жас суретшілер, дизайнерлер және қолөнер шеберлерінің еңбектерін ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Марат Тоқсайытов және еліміздің танымал суретшілері Аңсаған Мұстафа, Төлеуқазы Байғалиев бастаған топ «Балапан Шебер» аталымы бойынша үздіктерді анықтады.

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан Чемпион» аталымы бойынша  ҚР Шахмат Федерациясының Астана қаласындағы жаттықтырушысы Павел Юрков, ҚР Каратэ Федерациясының жаттықтырушысы Жалғас Сапаров, ҚР Теннис Федерациясының жаттықтырушысы Қуандық Ескермесұлы қазылық етті.

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Сондай-ақ, «Балапан Талант» аталымының үздіктері анықталды. Кішкентай әншілер, мың бұралған бишілер, күйші және музыкант бүлдіршіндерді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Майра Ілиясованың төрағалығымен «Индира Расылхан» өнер мектебінің басшысы, әнші Индира Расылхан және «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы, әнші Шахаризат Сейдахмет сынды өнер майталмандары бағалады.

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Ал, «Балапан Ғалым» аталымы бойынша еліміздің ең кішкентай ғалымдарын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Перизат Сейітқазы және Астана қаласы Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаева анықтады.  

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Іріктеу жұмысына атсалысқан тағы бір топ, ол - Полиция капитаны, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің аға иснпекторы Кадролдинова Аида Айдарқызы, полиция майоры, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің инспекторы Айымгүл Төлегенқызы Валеева және МКҚБ взвод командирі, полиция майоры Қайрамбаев Сәкен Жұмабайұлы. Олар «Бала Батыр» аталымы бойынша ерлік жасаған кішкентай қаһармандардың жұмыстарына тәнті болып, барлық қатысушыларға жоғары бағаларын берді.

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Балапан» жүлдесінің үміткерлері іріктелді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Осылайша, «Балапан» жүлдесі байқауына келген барлық жұмыстар іріктеуден өтті. 

Хабарламаларға жазылу