Қанат Исламның жанкүйерлері енді оның есімі жазылған киімдерді сатып ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның жанкүйерлері енді оның есімі жазылған киімдерді сатып ала алады

27.10.2016
Қанат Исламның жанкүйерлері енді оның есімі жазылған киімдерді сатып ала алады

«Қанат Ислам» маркасымен киімдер сатылымға шыға бастады. Енді боксшының жанкүйерлері оның аты жазылған кимдерді сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жекке екі күн ғана уақыт қалды.

Қанат Ислам жарысқа шығатын 29 қазан күні әлем чемпионы, Риода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы да өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізбек.

Сондай-ақ, еліміздің кәсіпқой боксшылары Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы шетелдік кәсіпқой боксшылармен жұдырықтасады.

Кездесулерді сағат 17:50-де Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді.

Дереккөз: inform.kz

Хабарламаларға жазылу