Бүгін - Бүкіләлемдік туризм күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Бүкіләлемдік туризм күні

27.09.2016
Бүгін - Бүкіләлемдік туризм күні

Бүкіләлемдік туризм күні. Бүкіләлемдік туристік ұйымдар Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын 27-ші қыркүйекте аталып өтеді. 1979 жылы Испанияның Торремолинос қаласында бекітілген. Атаулы дата 1970 жылдың 27-ші қыркүйегінде Бүкіләлемдік туристік ұйым Жарғысының қабылдануына байланысты таңдалып алынған.

Google-дің туған күні

Google.com домендік есімі 1997 жылғы 15 қыркүйекте, ал, Google Inc.  компаниясы 1998 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді.  Алайда, 2005 жылдан бастап компанияның туған күні ресми түрде 27 қыркүйекте аталып өтеді.

гугл

85 жыл бұрын (1931) бұрын «Ленин туы» аталған Баянауыл ауданының «Баянтау» газетінің алғашқы саны шықты. Оған белгілі этнограф, фольклоршы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев ақ тілегін білдірді. Оның алғашқы редакторы Ғалым Малдыбаев болды. Осы газетте халық жазушысы Дихан Әбілов шығармашылық жолын бастады.

76 жыл бұрын (1940) Лебяжі ауданында (Павлодар облысы) «Аққу үні» газеті құрылды.

16 жыл бұрын (2000) РАТА-ТАСС агенттігі мен «Қазақстан Интерпресс» қоғамдық қоры «Қазақстан-ТАСС» агенттігін құрды. Бұл шешім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылдың ақпан айындағы Мәскеуге ресми сапары кезінде РАТА-ТАСС агенттігінің өкілдерімен жасаған келісім негізінде қабылданған болатын. «Қазақстан-ТАСС» агенттігінің басты мақсаты - Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық саяси өмірі және Ресеймен жан-жақты қарым-қатынастарын насихаттауда ақпарат алмасу жұмыстарын тереңдету.

11 жыл бұрын (2005) Алматыда Ә.Қастеев атындағы мұражайда контемпорари арт (Қазақстанның қазіргі заманғы өнері) атты жаңа залы ашылды. Залда әлемдік деңгейдегі арт-алаңдарында елімізді көрсететін барлық қазақстандық авторлардың жұмыстары жиналған.

музей

10 жыл бұрын (2006) Алматы облысы Іле ауданындағы Первомай кентінде Қазақстандағы алғашқы инфузиялық ерітінділер шығаратын зауыттың таныстырылымы өтті. Инфузиялық ерітінділер стратегиялық маңызды дәрі-дәрмек қатарына жатады. Олар ауруханаларда күн сайын үлкен көлемде пайдаланылады. Халықаралық медициналық зерттеулерге қарағанда, бір адамға жылына орта есеппен екі литр инфузиялық ерітінділер керек. Қазіргі таңда олардың 90 пайызы шетелдерден әкелінеді.

9 жыл бұрын (2007) Алматыда «Абай жолы» романының орыс тіліндегі жаңа аудармасының таныстырылымы өтті.

Абай жолы

9 жыл бұрын (2007) Павлодарда ақын, қаланың Құрметті азаматы, аудармашы әрі драматург Аманжол Шамкеновтің (1927-2004) құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

9 жыл бұрын (2007) Семейде Қазақстандағы бірінші автобус құрастыру зауыты - «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС ашылды.

5 жыл бұрын  (2011) режиссер Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі «Киношок-2011» фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.

риэлтор

4 жыл бұрын (2012) Ақсу қаласында Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1929) атындағы спорт сарайы ашылды.

90 жыл бұрын (1926-1999) жазушы, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Серік ШӘКІБАЕВ дүниеге келді. Жазушының «Үлкен Түркістанның күйреуі», «Көтеріліс», «Төтенше комиссия» романдары, т.б. шығармалары бар.

78 жыл бұрын (1938) экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,  Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Нұрғали МАМЫРОВ дүниеге келді.

51 жыл бұрын (1965) «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның  Қарағанды облыстық филиалы - «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының директоры Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев дүниеге келді. 

 

Хабарламаларға жазылу