Елордада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр

17.09.2016
Елордада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр

Елордада «Хан шатыр» СОО жанында Батыс Қазақстан және Атырау облыстары тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр. Шара екі күнге жалғасады, сонымен қатар, бұл күндері өңірлердің мәдени шаралары да ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова да келді.

робор

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 12 аудан мен Орал қаласының кәсіпкерлері қатысуда.

-  Біздің тауар өндірушілеріміз өнімнің 20 түрін ұсынып отыр, олар барлық ауданнан келді. Ет және сүт өнімдері, консерві, балық және т.б. сатылады. Барлығы, 140 тоннадан артық өнім әкелінді, - дейді БҚО әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов.

орб

Атырау облысы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне жалпы көлемі 90 тонна өнім шығарды. Астаналықтарға көкөніс, сүт және ет өнімдері, шұжық өнімдері, салат, жұмыртқа ұсынылуда. Соның ішінде балық үлкен сұранысқа ие.

- Астанада өңірлердің күндерін өткізу жақсы дәстүр. Біздің өңірлеріміз дамып келеді, соны елордада көрсете алады. Тауарөндірушілеріміздің жалпы саны 36, олар жәрмеңкеге қуана келді, бүгін ауыл шаруашылық өнімнің 58 түрі сатылуда. Біздің өнімдеріміз Астана тұрғындары мен қонақтарына ұнайды деп ойлаймын, - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлибек Маутиев.

лоб

Жәрмеңке өтіп жатқан алаңда өңірлердің әртістері сахна төрінде өнер көрсетуде.

Бейбітшілік және келісім сарайында Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының «Ақжайық ару мекенім» тақырыптық көрмесі көпшілік назарына ұсынылады. 18 қыркүйекте сағат 16:00-де БҚО өнер иелерінің қатысуымен гала-концерті өтеді.

оьрь

Бүгін сағат 18.00-де астаналықтар Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көрмесін тамашалайды.

Сонымен қатар, сағат 19:00-де Атырау облысы өнерпаздарының гала-концерті өтеді. 18 қыркүйекте сағат 19:00-де Астана қаласының Жастар театрында облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртістері Ш. Айтматовтың «Мәңгүрт» атты қойылымын көрсетеді.

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу