Жанболаттың жаңа әнін алғаш болып естігіңіз келе ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанболаттың жаңа әнін алғаш болып естігіңіз келе ме?

20.09.2016
Жанболаттың жаңа әнін алғаш болып естігіңіз келе ме?

«Спецэлектра» компаниясы - трансформаторлық подстанция өндіретін компания. Отандық кәсіпорын 10 жылдан бері өнімдерін үлкен нарыққа шығарып келеді. Осы жылы «Үздік қазақстандық тауар» конкурсында 3-орынды иеленді. Өндіріс орнының тарихы мен құпиясы жайында компания маманы Набира Мамина ертең «Таңшолпанда» айтып береді.

Осы жылы қанша тонна астық экспортталды? Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы қанша гектарды құрады? Еліміздің барлық аймақтарында егін ору науқаны басталды. Нәтижесі қандай? Қанша тонна өнім жиналды? Барлық сауалдарға  ертең таңғы бағдарламада қонақта болатын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен келген арнайы маман жауап береді.

зъ

Сондай-ақ, ертеңгі бағдарламада «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және әнші жұп Жанболат пен Жазира қонақта.

Жұлдызды жұп шығармашылығындағы жаңалықтармен бөліседі. Студияда Жанболат «Ақ жүрегіңнен айналдым» әнінің тұсауын кеседі. Жанболаттың жаңа әнін алғашқы болып естігіңіз келе ме? Ендеше, «Таңшолпанды» өткізіп алмаңыз!

Саусақ сықырлатудың зияны қандай? Қызғаныш сезімінен қалай арылуға болады? Жасыл белдеуді дамыту жұмыстарының нәтижесі қалай? Осы және өзге де қызықты мәліметтермен танысқыңыз келсе, ертең 07:00-10:00 аралығында «Таңшолпанды» көріңіз!

Хабарламаларға жазылу