Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 53 051 нәресте дүние есігін ашты. Бұл ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сейітжамал Пакеев жария етті.
Республикада дүниеге келген сәбилердің әрбір бесіншісі оңтүстіктің еншісінде. Соңғы мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 2 860 000-нан аса адам тұрады. Бұл жөнінен өңір республика бойынша 1-інші орында. Халықтың тығыздығы бір шаршы шақырымға 22,36 адам. Бұл жөнінен де облыс 1-інші орында.