Елбасы «Нам Г.Н.» шаруа қожалығында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Нам Г.Н.» шаруа қожалығында болды

19.09.2016
Елбасы «Нам Г.Н.» шаруа қожалығында болды

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне облыстың агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастың өзгергенін атап өтті.

– Менің шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімнің барлығының негізгі түйіні – еңбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат ең ақырғы өнім өндірісі үшін бөлінетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу кәсіпорнының аграрлық техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады. Елбасы өңірдің шаруаларымен әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, Текелі тау-кен өндірісінің жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу