Биыл Батыс Қазақстан облысында 54 ауылға су құбыры тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Батыс Қазақстан облысында 54 ауылға су құбыры тартылады

26.05.2017

Соның бірі - Теректі ауданына қарасты Новопавловка елді мекені. Өңірге барған Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты осы ауылға да ат басын бұрды. Олар «Теректі май комбинаты» мен «Махорин» шаруа қожалығында болып, кәсіпкерлермен жүздесті. Сондай-ақ, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері өңірдегі басқа да құрылыс нысандарында болды. Бөрлі ауданындағы жаңа үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Бүгін депутаттар Орал қаласында өтетін көшпелі отырыста бас қосып, түйіткілді мәселелерді талқыламақ. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу