18 қыркүйекке арналған күнтізбе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 қыркүйекке арналған күнтізбе

17.09.2016
18 қыркүйекке арналған күнтізбе

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

41 жыл бұрын (1975) Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды.

24  жыл бұрын (1992) «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.

11 жыл бұрын (2005) Астанада АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД), «ЭксонМобил» компаниясының және Қазақстандық несиелендіру орталығының қолдауымен Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды.

11 жыл бұрын (2006) Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

3 жыл бұрын (2013) елордалық «Фолиант» баспасы «Орта ғасыр тарихы» (V ғасырдың екінші жартысы -   XVII ғасырдың ортасы) оқулығын шығарды, оны Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының доценті, тарих  ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаев әзірледі.

2 жыл бұрын (2014) Алматы облысында  Халықаралық бокс қауымдастығының Дүниежүзілік бокс академиясы ашылды.

10 жыл бұрын (2006) Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-9» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылды.
 

ЕСІМДЕР


90 жыл бұрын (1926-1999) жазушы Сейтқан ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1945) Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы, жазушы Жақсылық РАХМАТУЛЛА дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1955) ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Тынысбек Әуелбекұлы ҚОҢЫРАТБАЙ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу