Мадина Сәдуақасованың концертіне билет ұтып алыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадина Сәдуақасованың концертіне билет ұтып алыңыз!

13.09.2016
Мадина Сәдуақасованың концертіне билет ұтып алыңыз!

Әр бейсенбі сайын «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Қазмедиа орталығында» отандық әншілердің жеке шығармашылық кештері ұйымдастырылады. Жобаның жаңа маусымында Мақпал Жүнісова, Ғаділбек Жаңай және «Орда» тобының концерттері өтті.

Ендігі кезекте қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Мадина Сәдуақасова көрерменге концертін ұсынбақ.  Кеш қонағы – Қарақат Әбілдина. Жүргізушілер – Ерке Есмахан, Олжас Рымбаев,  Данияр Жұмаділов.

kaztrk.kz порталы 15 қыркүйекте өтетін концертке әдеттегідей  билеттер ойнатады. Ол үшін  осы жазбаны әрбір  оқырман өз бетіне бөлісіп (репост жасап), мейлінше көп лайк жинауы тиіс.  

Ескеріңіз!

Бөлісерде  @kaztrk_kz аккаунты мен #СәлемҚазақстан хэштегін  белгілеулі ұмытпаңыз.

Кеш Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында  сағат 19:00-де өтеді.   

Хабарламаларға жазылу