Синдзо Абэ Нұрсұлтан Назарбаевты Нагасакиге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синдзо Абэ Нұрсұлтан Назарбаевты Нагасакиге шақырды

04.09.2016
Синдзо Абэ Нұрсұлтан Назарбаевты Нагасакиге шақырды

Мемлекет басшысы G20 саммиті аясында Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективалары тәрізді екіжақты өзара іс-қимылдың басты бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

С.Абэ еліміздің ядролық қарусыздану ісіндегі маңызды еңбегін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы сапары барысында Нагасакиге келуге шақырды.

Akorda.kz

Хабарламаларға жазылу