Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды

08.07.2022

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды. Мұны жергілікті ұлттық телекомпанияға сілтеме жасап Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.

Экс-премьерге бүгін Жапонияның батысындағы Нара қаласында парламенттік сайлауға арналған митинг кезінде қастандық жасалған. Абэ сөз сөйлеп тұрған сәтте оған арқасынан екі рет оқ атылды. Бұл сәттің видеосы да жарияланып отыр. Күдікті ретінде 41 жастағы Ямагами Тецуя есімді адам тұтқындалды. Тецуя Абэге риза еместіктен, оны өлтіргісі келгенін айтып берді.

67 жастағы Синдзо Абэ – Жапонияның бұрынғы сыртқы істер министрінің ұлы. Алғаш рет 2006 жылы билікке келіп, елдің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихындағы ең жас премьері атанды. Ал, 2012 жылы Абэ министрлер кабинеті тізгінін қайта қолға алды.

Айта кетсек, Абэ 2020 жылы премьер-министр қызметінен кеткенімен, Жапонияның билеуші Либерал-демократиялық партиясының беделді тұлғасы болып қала берді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу