Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэ көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэ көз жұмды

10.07.2022

Жұма Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэ көз жұмды. Қастандықпен өлтірілді. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады. «Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі. Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады», - делінген жеделхатта.

Синдзо Абэ Қазақстанға 2015 жылы келген еді. Сонда алған әсерін былай жеткізген: «Ұшақ бортынан Астананың сұлулығы мен түнгі көрінісіне тамсанып, қаланың құрылыс жоспарын жапон сәулетшісі Кисе Курокава әзірлегені есіме түсіп, сол үшін бойымды мақтаныш кернеді. Курокава Астана халықаралық әуежайының жоспарын да жасаған. Онда Жапония мен Қазақстан әсемдігі тоғысқан деп ойлаймын». Цитата соңы.


Хабарламаларға жазылу