Мәскеуде өрт кезінде қаза тапқан 17 адам Қырғызстан азаматтары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде өрт кезінде қаза тапқан 17 адам Қырғызстан азаматтары

27.08.2016
Мәскеуде өрт кезінде қаза тапқан 17 адам Қырғызстан азаматтары

Мәскеудегі қоймада болған өртке шағын шамшырақ себеп болған, деп мәлімдеді РФ ТЖМ өкілдері.

«Қазіргі сәтте оқиғаға не себеп болғаны 100 пайыз анықталды. Істен шыққан шамшырақ тез жанатын заттар бар жерде болған. Содан тараған от лифт шахтасы арқылы қайтыс болған адамдар болған жерге жеткен», деп мәлімдеді РФ ТЖМ өкілі Илья Денисов.

ТЖМ басшысының орынбасары Леонид Беляев марқұмдар қоймада өмір сүрмегенін, тек оттан қашып, шеткі бөлме жаққа барып, жансақтамақ болғанын айтты. 

ІІМ Жедел штабының мәліметінше, барлық қайтыс болған тұлғалар - Қырғызстан азаматтары болған. Олар Ресейде заңды негізде жұмыс істеп жатқан.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу