Жанболат пен Жазира – «Біз ғашық жандармыз» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанболат пен Жазира – «Біз ғашық жандармыз»

02.08.2016
Жанболат пен Жазира – «Біз ғашық жандармыз»

Әні: Н.Еспанов, сөзі: Е.Жеңісұлы

Ақ таңда гүлдеген,
Құштың сен нұрменен.
Бір сезімге бөлендім,
Бұрын білмеген.
Сен тұрдың гүл атып,
Шақырды бір бақыт.
Күйіп-жанып жүрегім,
Қалдым ұнатып.
 
Қайырмасы:
Біз асқақ арманбыз, 
Оттай лаулап жанғанбыз.
Шын махаббат сезімге ие болғанбыз.
Біз ғажап таңдармыз, 
Сәуле болып қанғанбыз.
Өмірдің бар өріне бірге барғанбыз.
 
Өмірдің жолдарын,
Тауларын, орманын
Аралаған шақтарда
Сенсің қорғаным.
Сен - аппақ тілегім,
Көп іздеп жүр едім.
Бірге соғар кеудемде
Сенсің жүрегім.

Хабарламаларға жазылу