Әсет Иманғали – «Өнер адамы» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Иманғали – «Өнер адамы» (ВИДЕО)

13.03.2016
Әсет Иманғали – «Өнер адамы» (ВИДЕО)

Біздер, біздер патшадан да паңдармыз,

Біздер, біздер біреулерге арманбыз.

Барды бар деп, жоқты жоқ деп жасырмай,

Бақытынан қашып жүрген жандармыз.

 

Біреулердің оғы жоқ боп атарға,

Біздер жүрміз қатерлі бір сапарда.

Жыртығыңды жамап беріп жатса да,

Ешкім бізді қоса алмай жүр қатарға.

 

Қайырмасы:

Алдымыздан жалт-жұлт етіп от шырақ,

Әне-міне бақ қонардай боп тұрады.

Жаны қалмай, жалпы мақтап жатса да,

Ешкім бізді шын түсінген жоқ, бірақ.

 

Жанымызға бермей ешкім тыныштық,

Көпшіліктің көңілін тауып,  ұғыстық.

Бар екенін махаббаттың, шындықтың,

Барша адамға сендіруге тырыстық.

 

Бізге ғашық ұятты қыз шыбық бел,

Бізге ғашық жаны жайсаң жігіттер.

Біз жүрген жер үлбіреген үміттер,

Біз жүрген жер ақ ниетті бүліктер.

Хабарламаларға жазылу