Жанболат пен Жазира – «Билейік» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанболат пен Жазира – «Билейік»

02.08.2016
Жанболат пен Жазира – «Билейік»

Әні мен сөзі: Қ.Дүйсенов

Сені көрсем көңілденемін,
Шаттанамын, жеңілденемін.
Кеудеме бір жалын сыйлаған
Осы емеспе сезім дегенің? 

Қайырмасы:
Билейік, билейік, кел, жаным,
Билейік, көрсінші ел бәрін.
Ортаға шықшы, бір құлпырып,
Құдірет сыйлаған тең бағын.

Сені көрсем, үміт арманым,
Қайғы-мұңның ұмытам(ын) бәрін.
Саған деген махаббатымды
Бір сәтке де суыта алмадым.

Қайырмасы:
Билейік, билейік, кел, жаным,
Билейік, көрсінші ел бәрін.
Ортаға шықшы, бір құлпырып,
Құдірет сыйлаған тең бағын.

Кездескенде елжірегенмін,
«Мен сендікпін болды», дегенмін.
Сүйгендіктің белгісі емес пе 
Маған қарап мөлдірегенің?

Қайырмасы:
Билейік, билейік, кел, жаным,
Билейік, көрсінші ел бәрін.
Ортаға шықшы, бір құлпырып,
Құдірет сыйлаған тең бағын.

Хабарламаларға жазылу