Бақтияр Тайлақбаев – «Ауылға» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақтияр Тайлақбаев – «Ауылға»

02.08.2016
Бақтияр Тайлақбаев – «Ауылға»

Әні мен сөзі: Бейбіт Оралұлы

 

Ауылымды, дариямды еске аламын,

Толқынымен талай тербеген.

Балалық шақ, сол кездерге шаттанамын мен!

Ауылымды, туған елді еске аламын,

Сағындырып маза бермеген.

Ауылыма аттанамын мен!

 

Қайырмасы:

Ауылда, ауылда, ауылда –

Өмірдің бар тәтті бал әні.

Ауылға, ауылға, ауылға,

Ауылға кетіп мен барамын.

 

Келбеті әсем Алматы мен Астананың, 

Қандай ыстық туған жер деген!

Бөктерінде Алатаудың шаттанамын мен. 

Перзентімін Қазақ деген кең даламның. 

Қуанышым бойда кернеген.

Ауылыма аттанамын мен.

 

Қайырмасы:

Ауылда, ауылда, ауылда –

Өмірдің бар тәтті бал әні.

Ауылға, ауылға, ауылға,

Ауылға кетіп мен барамын.

 

Хабарламаларға жазылу