Ақылбек Жеменей –  Мұхиттың әні «Көк айдай» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылбек Жеменей –  Мұхиттың әні «Көк айдай» (ВИДЕО)

31.07.2016
Ақылбек Жеменей –  Мұхиттың әні «Көк айдай» (ВИДЕО)

Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем,

Қосылса екі көркем болады еркем.

Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын,

Есіме сен түскенде, сұлу еркем.

 

 Қайырмасы:

Бір ағашта екі алма,

Мен де алмаймын, сен де алма.

Менің досым сен болсаң,

Оймақ ауыз, күлім көз,

Мен кеткенде сен қалма.

Ой, көк айдай, көк айдай

Сүйген сәулем -

Қыз қайда-ай.

 

Ой, қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,

Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай.

Төбесі сұлулардың көрінгенде,

Аяқты баса алмаймын жын қаққандай.

 

 Қайырмасы:

Бір ағашта екі алма,

Мен де алмаймын, сен де алма.

Менің досым сен болсаң,

Оймақ ауыз, күлім көз,

Мен кеткенде сен қалма.

Ой, көк айдай, көк айдай

Сүйген сәулем -

Қыз қайда-ай.

Хабарламаларға жазылу