Әлемдегі ең терең суасты үңгірі (Видео) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең терең суасты үңгірі (Видео)

29.07.2016
Әлемдегі ең терең суасты үңгірі (Видео)

Оңтүстік Қытай теңізінде әлемдегі ең терең суасты үңгірі табылды. Оның диаметрі 130 метрді құраса, тереңдігі шамамен 300 метрге жетеді, -деп хабарлады euronews.com.

Ғалымдардың мәліметтері бойынша, геологиялық жыныстар алдымен соңғы мұздықтардан кейін қалыптасқан әктастардан тұратын үңгірлер жүйесі болатын.

Бұған дейін, Багам аралының маңындағы Дина үңгірі - жер шарындағы ең терең үңгір саналған.

 

Хабарламаларға жазылу