Отандық өнімдер Duty Free сауда желіcінде сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнімдер Duty Free сауда желіcінде сатылады

07.07.2016
Отандық өнімдер Duty Free сауда желіcінде сатылады

Таяуда қазақстандық өнімдер әлемге кеңінен таралған, танымал Duty Free сауда желісінде сатылатын болады. 24.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы алғаш болып «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева мәлімдеген.

Отандық 100 өндіруші дүкенге өз тауарларын әкелген. Ал осы айдың соңына дейін тағы 200 компания өнімдерін саудаға шығарады деп күтілуде. Тұтынушылар назарына 60 мыңға жуық түрлі тауар ұсынылады.

«Duty Free деген әйгілі компаниямен ортақ келісімге келдік. Осының арқасында отандық өнімдер дүниежүзілік сауда желісіне қойылады», – деді Римма Тәжібаева.

Айта кетерлігі, аталған желідегі өнімдердің бағасы өзге дүкендермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Сонымен қатар, кәсіпкерлер сауда орындарын жалға алмайды.

Хабарламаларға жазылу