Журналист Бағдагүл Рахметқызының жанұясы қалалық «Мерейлі отбасы» байқауында ІІ орын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Бағдагүл Рахметқызының жанұясы қалалық «Мерейлі отбасы» байқауында ІІ орын иеленді

03.06.2016
Журналист Бағдагүл Рахметқызының жанұясы қалалық «Мерейлі отбасы» байқауында ІІ орын иеленді

Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Байқауда «Шалқар» радиосының журналисі Бағдагүл Рахметқызының жанұясы - Шарғыновтар отбасы ІІ орын иеленді.

Бағдагүл Рахметқызы қасиетті қарашаңырақ Қазақ радиосында 2012 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап,  «Шалқар» ұлттық радиосының редактор-жүргізушісі.

Ұлт руханияты жолында талмай еңбек етіп келе жатқан білгір маман отбасында бес баланың анасы. Жары Өміржан Шарғынов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ақпарат бөлімінде қызмет атқарады.  

Айта кетсек, осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан байқауға құжаттар қабылдау үстіміздегі жылдың сәуір айынан басталған болатын. Осы уақыт ішінде қала әкімдігіне елордалық отбасылардан 94 өтініш келіп түскен. 

Хабарламаларға жазылу