«Көрмеге қойылып отырған құжаттар алғашқыда 70-80 жылдары Ұлттық қауіпсіздігі комитетінде болған, оларды бірқатар ғалымдар көрген, алайда халық көрмеген. Ол қандай құжаттар десеңіз, олар Әліхан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ораз Жандосов, Ілияс Жансүгіров, Сакен Сейфуллин және тағы басқаларына қатысты құжаттар» - деп айтып өтті Марат Оралбайұлы.
«30-40 жылдары мыңдаған халық департацияға ұшыраған болатын. Мәселен, гректер, ингуштар, шешендер және тағы басқалары. Көрмеге қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары келіп, сол құжаттарды қарады. Көрмеде сонымен қатар тәркілеуге, ату жазасына берілген адамдардың тізімі, құжаттары көрсетілді», - деді Марат Оралбайұлы.
«Бірақ, кедергінің бірі ол көптеген құжаттардан «құпия» грифі әлі де алынбаған. Біздің депутаттар үшін бұл үлкен жұмыс, үлкен сын. Мәселен, үлкен аштық алдында тәркілеу болған. Сонда 100 мыңнан аса қазақтың байы, мықтылары, азаматтары тәркілеуге ұшырап, олар жойылды, атылды. Солардың құжаттары бізде жатыр. Қазақ қоғамында жетім-жесірлер болмаған. Осындай азаматтардың көздері кеткеннен кейін халық қырылды. Солардың құжаттарын біз ашуымыз керек. Олар қазақтың жауы ма, досы ма, жанашыры ма? Тарихымызды білмей келешегіміз жоқ».