Ирак астанасында қатарынан үш жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак астанасында қатарынан үш жарылыс болды

31.05.2016
Ирак астанасында қатарынан үш жарылыс болды

Ирак астанасы Бағдатта 3 бірдей жарылыс болды. Салдарынан 20-дан астам адам ажал құшып, тағы 50-і түрлі дәрежеде дене жарақатын алған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Алдымен көлікке қойылған жарылғыш базарда іске қосылған. Араға бірер минут салып шаһардың өзге ауданында осыған ұқсас жағдай болды. Көп ұзамай Бағдаттың шығысында да лаңкестік әрекет жасалды. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған.

 

Хабарламаларға жазылу