Альпі тауының етегінде орналасқан Тироль аймағында әлемнің ең үздік отын кесушілерінің халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Оған 8 үміткер қатысып, екеуі ақтық сайыста бақ сынасты. Олар - 42 жастағы жаңазеландиялық Джейсон Виньярд пен 20 жастағы австралиялық Брейдон Мейер. Нәтижесінде Брейдон ағаш аралау мен отын кесудің хас шебері екенін дәлелдей алды.
«Джейсон Виньярд - осы чемпионаттың 7 дүркін жеңімпазы және менің жақсы досым. Ол - маған үлгі бола білген адам. Осы жарыста бірге болғаныма шексіз қуаныштымын», - дейді австралиялық отын кесуші Брейдон Мейер.