Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылықтарына 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылықтарына 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді

29.05.2016
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылықтарына 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2016 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан (ӘКК) келіп түскен кепілдіктер бойынша ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) астықты форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша аграршыларды 10,2 млрд. теңге сомаға қаржыландырды. 

АШТӨ қажетті құжаттардың барлығын ұсынғаннан кейін және олардың талаптарға сәйкестігі анықталған соң, өтінімдер бар болғаны 1-2 күн ішінде қарастырылатынын атап кеткен жөн. Сондай-ақ, ӘКК кепілдіктерін ұсынғаннан кейін 1-2 күн ішінде қаржы ауыл шаруашылықтарына аударылады.    

Мұның алдында хабарланғандай, осы бағдарлама аясында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 14 млрд. теңге бөлініп және шамамен 2,3 млн. га егіс алқабын қаржыландыруға жіберіледі. АШТӨ жасалған шарттары бойынша 2016 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзім ішінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясына астықты жеткізіп беру арқылы өз міндеттемелерін орындауы тиіс.  

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі - астық нарығындағы сауда-сатып алу операцияларын іске асыру, ішкі нарықты тұрақтандыруға және отандық астық өндірушілерді қолдауға қатысу, биржалық астық саудасының дамуына және қазақстандық астық экспорты көлемінің өсуіне қолдау көрсету. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»  АҚ.

Хабарламаларға жазылу