«Сәлем, Қазақстан!». Нұрлан Өнербаев пен Роза Әлқожаның кешіне тегін билет ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!». Нұрлан Өнербаев пен Роза Әлқожаның кешіне тегін билет ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!

23.05.2016
«Сәлем, Қазақстан!». Нұрлан Өнербаев пен Роза Әлқожаның кешіне тегін билет ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!

26 мамыр күні сағат 13:00-де Ұлттық арнаның «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Қазмедиа» орталығында әнші Роза Әлқожаның концерті өтеді. Кеште басты кейіпкермен қатар, эстрада жұлдызы Еркін Нұржанов өнер көрсетеді.

Ал, 19:00-де көпшілік Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаевтың ән кешіне куә бола алады.

Қазақ  эстрадасындағы есімі айрықша аталатын өнер иелерінің концертіне тегін билет ұтып алғыңыз келсе, kaztrk.kz порталы ұйымдастыратын байқауға атсалысыңыз.

Ол үшін «Instagram» әлеуметтік желісінің кез келген пайдаланушысы концерт баннерлерін өз парақшасында жариялап, «ұнату» белгісін мейлінше көп жинаулары қажет.

Сондай-ақ, жарияланымда @kaztrk_kz аккаунты мен  #salemkz хэштегін көрсету міндетті.

Көрермендер мен портал оқырмандары арасында ойнатылатын 18 билеттің бірінің иегері атануға Сіздің де мүмкіндігіңіз бар.

Ән кешінен қалыс қалмаңыз! 

Хабарламаларға жазылу