Қазіргі дағдарыс жағдайында әлем елдері жаңа нарықты іздеуге көшкен. Осы орайда Қытайға көптеген елдер қызығушылық танытуда. Қазақстанда басқа мемлекеттерден кеш қалмай, шығыстағы көршісімен тығыз экономикалық байланыс орнатқан. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан XIV Орталық Азиядағы Қауіпсіздік мәселесі жөніндегі конференцияда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.
«Қытай мемлекеті Ресейге қарағанда АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. Бұл ел – ірі экономикалық ойыншылардың бірі. Бүгінгі уақытта АҚШ-та шығарылатын Boing-тің әрбір үшіншісі Қытайдың тапсырысымен жасалады. Сол сияқты Қытай қазір өзгергенін мойындауымыз қажет. Себебі, бұл ел баяғыдай арзан халық тұтынатын тауарларды өндірмейді. Бүгінде аспан асты елі – жаңа технолгияларды өндіретін мемлекеттердің бірі. Ал, ең бастысы Қытай – әлемдегі ең үлкен нарық. Сондықтан барлық мемлекеттер осы елмен байланыс орнатуға тырысады. Себебі, әлемдегі дағдарыс жайы кезінде жаңа инвестиция, бәсекелестіктің күшеюі кезінде Қытай нарығы – барлық ойыншыларға, экономикалық субъектілерге өте қызықты. Бұлардың қатарында Қазақстанда да бар. Себебі, еліміз өңдеуші өнеркәсіпке баса мән беруде», - деді Ерлан Қарин.
Сонымен қатар, Ерлан Қарин аталмыш конференция қандай мақсатта ұйымдастырылығандығын атап өтті.
«Мақсатымыз – Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесін талқылау. Жыл сайын біз Орталық Азия аймағын зерттейтін мамандарды жинап, қауіпсіздік мәселесін талқылаймыз. Бірақ, биыл мұны тақырыптық конференция ретінде ұйымдастырып отырмыз. Бұл Қытайдың Орталық Азия аймағындағы саясатына байланысты. Қазір әлемнің барлық ақыл-ой сараптамалық орталықтарының кең талқылайтын тақырыптарының бірі – бұл Жаңа Қытай, Әлемдегі Қытайдың рөлі, Қытайдың Жаңа Саясаты және стартегиясы. Бұл да біз үшін өте маңызды», - деп түйіндеді сөзін Ерлан Қарин.
«www.bnews.kz»